Астанада «Номад» пен «Ақтөбе» арасындағы жартылай финалдың екінші матчы өтті.
Қонақтардың бүгін қарсыласқа қарағанда жігері басымдау болып, бірінші кезеңде-ақ үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Өздерінің есептерін сұрмергендер – кем құраммен көзге түскен Владислав Комаров, артық құрам ұйымдастырған Владислав Плотников пен Иван Кучин толтырды. Екінші кезеңнің басында Евгений Попитич Никита Бояркинді төрт рет күйіндіріп, жеңімпаздың кім екенін байқатты.
«Көшпенділер» екі шайбаның есесін қайтарды, алайда финалдық шабуыл болмады. Енді биылғы плей-оффта бір-бірін алғашқы жеңіліске ұшыратқан командалар Ақтөбеге сериядағы тең есеппен аттанады.
«Номад» - «Ақтөбе» 2:4 (0:3, 1:1, 1:0)
0:1 - 02:31 - Комаров (Сошников, Потапов) ГМ
0:2 - 06:38 - Плотников (Сошников, Арбузов)
0:3 - 12:48 - Кучин (Петросян, Гайсин) ГБ
0:4 - 20:57 - Попитич (Беляев)
1:4 - 26:30 - Бойко (Пелевин, Гатиятов) ГБ
2:4 - 41:36 - Данияр (Шайхмедденов, Колесников)
Қақпашылар: Бояркин – Каратаев
«Номад» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 1-1 (3:1, 2:4)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.