Хоккейден Қазақстан чемпионаты ½ финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын аяқтаймыз.
«Номад» (3) – «Ақтөбе» (5)
Тұрақты чемпионаттағы жеңістер/ұпайлар: 33/69 - 27/57
Тұрақты чемпионаттағы салынған/өткізілген шайбалар: 179/120 - 142/151
Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Артур Гатиятов (48 балл, 15+33) - Стас Петросян (41 балл, 23+28)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 5:0, 2:0, 2:3 Б, 3:2 ОТ, 7:2
Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Олег Бойко мен Никита Колобов (екеуі де 2+5) – Стас Петросян (2+2)
Плей-оффтағы жолы: «Горнякпен» серияда 4-0 - «Торпедомен» серияда 4-0
Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 19/6 – 17/7
Плей-оффтағы үздік бомбардир: Артур Гатиятов (4+4) – Стас Петросян (5+1)
«Ақтөбе» маусымдық бес матчтың төртеуінде «Номадқа» есе жіберді, оның екеуінде елордалық команда өз қақпасына шайба жуытпады.
«Номад» орташа нәтижелілік бойынша ағымдағы плей-оффта көш бастап келеді (әрбір ойында 4,75 гол) және бұл ретте кубоктік раундтың ең аз өткізетін командасы саналады (пассивте 6 шайба).
Бұл серияда бізді қызықты қақпашылар қақтығысы күтеді. Никита Бояркин мен Денис Каратаев бұған дейін статистикада салмақты сандар көрсетіп, төрт реттен жеңіске жеткен болатын. «Көшпенділер» қақпашысы 1,5 сенімділік коэффициентімен соққылардың 95,6%-ына тойтарыс берді. Батыс қазақстандықтардың қақпашысы бір ойында 1,7 шайбадан өткізіп, соққылардың 94,4%-ына тойтарыс берді.
Ақтөбеліктердің шабуылшысы Стас Петросян (5 шайба) – биылғы плей-оффтың үздік сұрмергені. Елордалық ұжымның қорғаушысы Денис Недилько үздік ассистенттер тізімінде екінші орынды бөлісіп отыр (6 пас).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.