Андрей Спиридонов: «Ұзақ дистанцияға құрамның терең тәжірибесі жетіспеді»

13 naýryz
360

«Алматының» бас бапкері Андрей Спиридонов маусымды қорытындылады. Тұрақты чемпионатта оңтүстікастаналық ұжым оныншы орынды иеленіп, плей-оффқа өте алмады.

«Алматының» бас бапкері Андрей Спиридонов маусымды қорытындылады. Тұрақты чемпионатта оңтүстікастаналық ұжым оныншы орынды иеленіп, плей-оффқа өте алмады.

- Команда шамамен 70 пайызға жаңарды. Маусымаралықта жақсы жиындар өткіздік, команданы дайындадық. Қазақстан кубогінде жақсы ойын көрсеттік. Біз үйлесімдер іздедік, команданы байқадық, маусымға дайындалдық. Чемпионатты жаман бастаған жоқпыз. Алайда ұзақ дистанцияғақұрамның терең тәжірибесі мен біліктілігі жоғарырақ хоккейшілер жетіспеді. Біздің жоғары звенолар, көшбасшылар артық құраммен де, кем құраммен де ойнады. Алайда ұзақ дистанцияда бұл өте ауыр. Қара жұмысты атқаратын үшінші-төртінші звенолардан қолдау болуы тиіс.

- Биылғы маусымда жас жігіттер тартылды. Команда құрамындағы олардың ойынына қандай баға бересіз?

- Біз көптеген жігіттерді байқап-қарадық. Маусым алдында олар бізбен жаттықты, және маусым барысында біз біршама жас жігіттерді тарттық. Өз-өзін танытқандар болды. Жап-жақсы жігіттер бар, тек олармен әлі де жұмыс жасау қажет. Қазақстан чемпионаты үшін олар шикілеу, алайда болашағынан үміт күттіретіндер бар. Алдағы уақытта оларды негізгі команда сапында көреміз деп үміттенеміз.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.