Горняк ойсырай жеңілді. 27 желтоқсандағы матчтарға шолу

27 jeltoqsan
1288

«Номад» «Горнякқа» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. «Сарыарқа» овертаймда «Снежные Барсы» командасын тізе бүктірді. «Арлан «Құлагерді» жеңу үшін тер төкті. «Торпедо» «Алтай Торпедо» командасындағы ұяластарын тағы да ойсырата жеңді.

«Номад» пен «Горняктың» бірінші кездесуінде елордалық ұжым қонақтарға бір де бір шайба салуға мүмкіндік бермеді. Рудныйлықтардың қақпасына алты шайба аттанды. Алексей Зубов дубль жасап, көзге түсті. Қақпашы Владимир Крамарь 16 соққыға тойтарыс беріп, өз есебіне «құрғақ» матчты жазды.

"Номад" – "Горняк" 6:0 (1:0, 1:0, 4:0)

1:0 – 17:08 – Зубов (Ибрайбеков) ГБ

2:0 – 26:25 – Зубов (Гренц, Ибрайбеков)

3:0 – 48:16 – Панюков (Метальников)

4:0 – 49:19 – Бутенко

5:0 – 51:01 – Гатиятов (Муратов, Зубов)

6:0 – 51:30 – Рунов (Данияр Сн., Яковлев)

Қақпашылар: Крамарь – Акулинин (Скрынников, 51:51-60:00)

«Сарыарқа» мен «Снежные Барсы» командасына жеңімпазды анықтауда негізгі уақыт жетпей қалды. Овертаймда қарағандылық ұжымның тәжірибесі байқалып, жас елордалық команданың сәтсіз матчтар сериясы тағы жалғасты.

"Сарыарқа" – "Снежные Барсы" 2:1 ОТ (0:0, 1:1, 0:0, 1:0)

1:0 – 30:33 – Голоднюк (Никулин, Сиксна)

1:1 – 31:58 – Шайхмедденов (Сулейменов)

2:1 – 64:18 – Зеленков (Безруков, Горбачев)

Қақпашылар: Ибрагимов – Павленко

«Құлагер» «Арланмен» матчта есеп 0:3 болып тұрған жерінен есе қайтаруға барын салды. Үшінші кезеңнің соңына дейін көкшетаулықтар кездесу барысын өз бақылауында ұстады, алайда әрі қарай қонақтар екі шайба салып, ойын соңында көкшеліктердің сабырын қашырды. Алайда алаң иелері дегенмен үстемділік орнатты.

"Арлан" – "Құлагер" 3:2 (0:0, 3:0, 0:2)

1:0 – 27:06 – Бердников Р. (Шитиков)

2:0 – 29:50 – Боровиков (Куликов, Черкасов) ГБ

3:0 – 38:38 – Куваев (Сметанин, Черкасов)

3:1 – 49:06 – Исмагилов (Репин, Стасюк) ГБ

3:2 – 51:54 – Стасюк (Ахметов, Грищенко) ГБ

Қақпашылар: Румянцев – Янков

Екі өскемендік команданың екінші кездесуінде де «Торпедо» басымырақ түсіп, ұяластарының қақпасына сегіз шайба аттандырды. Дубль Никита Сироткиннің есебінде.

"Торпедо" – "Алтай Торпедо" 8:1 (2:0, 2:0, 4:1)

1:0 – 03:28 – Кузнецов (Меньщиков, Левицкий)

2:0 – 10:21 – Мерескин (Лихотников, Титов)

3:0 – 29:08 – Сироткин (Петросян, Гурин)

4:0 – 35:51 – Архипов

5:0 – 48:20 – Сироткин (Петросян, Виноградов)

5:1 – 51:49 – Тихомиров (Дерзаев, Караваев)

6:1 – 52:25 – Тымченко (Меньщиков, Стулов)

7:1 – 58:52 – Левицкий (Титов, Кузнецов)

8:1 – 59:54 – Петросян (Бекетаев, Сироткин)

Қақпашылар: Шутов (Ершов, 53:52-60:00) – Мейдер