Pro және Jastar Ligasy клубтарының сайттары іске қосылды

27 jeltoqsan
1536

Ұлттық чемпионаттарды дамыту жөніндегі жобаны іске асыру аясында Қазақстан хоккей федерациясы Pro және Jastar Ligasy-ның тоғыз клубының сайттарын әзірлеп, іске қосты.

Ұлттық чемпионаттарды дамыту жөніндегі жобаны іске асыру аясында Қазақстан хоккей федерациясы Pro және Jastar Ligasy-ның тоғыз клубының сайттарын әзірлеп, іске қосты.

Барлық сайттар таныстыру сипатындағы стандартты ақпаратты қамтиды. Пайдаланушылар команда құрамдарымен, бапкерлер штабымен және персоналмен, мачтардың күнтізбесімен танысып, ағымдағы турнир кестесін қарай алады. Сондай-ақ медиа бөлімдер қолжетімді, онда ВКонтакте әлеуметтік желісі мен танымал Youtube видео хостингінен автоматты түрде сайтқа жүктелетін суреттер мен видеоларды табуға болады.

Пайдаланушылар ойыншылар бойынша актуалды статистиканы таба алады. Бұл деректер әрі қарай автоматты түрде жаңартылып, Proжәне JastarLigasy-ның ресми сайттарынан жүктеле алады.

Айтып өтетін жайт, барлық сайттар бірыңғай стильде жасалған және толықтай заманауи дизайнға бейімделген. Алайда олардың әрқайсысы белгілі бір команданың өз клубына тән түсті пайдаланған.

Сайттардың функционалы міндетті түрде жаңарып отырады. Мысалы, форумдар құру жоспарланып отыр. Онда жанкүйерлер өз көңіл-күйлерін білдіріп, өзара тілдесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алады.

Сайттарға төмендегі сілтемелер арқылы өтуге болады.

1) https://beibarys.kz/

2) http://haarlan.kz/

3) http://hkarlan.kz/

4) http://hfaktobe.kz/

5) http://hkqulager.kz/

6) http://hcalmaty.com/

7) http://jas.hockeyschool10.kz/

8) https://www.hc-ertis.kz/

9) http://gornyak.ayat-sport.kz/