Жексенбі күні қазақстандық хоккейсүйер қауым Pro Ligasy аясында бірден төрт матчты тамашалай алады.
(13:00) "Номад" өз алаңында рудныйлық «Горнякты» қабылдайды.
(14:00) Қарағандыда турнир кестесінің басы мен соңына жайғасқан қос команда – «Сарыарқа» мен «Снежные Барсы» кездеседі.
(17:00) Көкшетауда көршілес «Арлан» мен «Құлагер» ойнайды.
(17:00) Өскеменде «Торпедо» мен «Алтай Торпедо» өздерінің маусымдық сериясындағы төртінші матчтын өткізеді.
Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.