Хумо – Сарыарқа сериясы алдында

18 aqpan
1185

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ¼ финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ¼ финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.


«Хумо» (2) – «Сарыарқа» (7)

Жеңістер/ұпайлар: 38/79 – 24/53

Тұрақты чемпионаттағы салынған/өткізілген шайбалар: 175/83 – 137/145

Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Вадим Кравченко (60 ұпай, 34+26) – Евгений Григоренко (43 ұпай, 16+27)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 3:0, 4:0, 2:1, 2:3, 2:0

Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Антон Гловацкий (3+3) – Константин Пальмтаг (0+2)

«Сарыарқа» құрамына қосымша өтінім: Виталий Шульга (з),Евгений Лызин (н)


Биылғы маусымда бес жекпе-жектің төртеуі ташкенттік ұжымның пайдасына шешілді. Және үшеуінде «Хумо» құрғақ жеңіске жетті.

«Хумо» форварды Вадим Кравченко тұрақты чемпионаттың үздік бомбардирі және сұрмергені атанды. «Хумо» қақпашысы Дамир Шаймарданов сенімділік коэффициенті (1,57) мен тойтарылған соққылар пайызы (93,9) бойынша көш бастап келеді.

«Сарыарқа» алғаш рет плей-оффты турнир кестесінің төменгі бөлігінен бастайды. Бұл ретте қарағандылықтар тұрақты чемпионатта салынған шайбалар саны бойынша кубоктік сегіздіктің ең нашар ұжымы атанды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.