Бейбарыс – Хумо матчы өтпейді

16 aqpan
1052

ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі «Бейбарыс» - «Хумо» командалары арасындағы №273 матчтың өтпейтінін хабарлайды.

ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі «Бейбарыс» - «Хумо» командалары арасындағы №273 матчтың өтпейтінін хабарлайды.

Атырауда электр энергиясының өшірілуіне байланысты форс-мажорлық жағдайлар салдарынан Доспанова атындағы арена мұзайдынында матч өте алмайды. Қазақстан чемпионаты регламентінің 6-тарауының 31-бабының 4-тармағына сәйкес мұз жинау машинасының немесе мұз алаңының бұзылуына байланысты техникалық проблемаларды жою мүмкін болмаған жағдайда, алаңның «иесі» – командаға 0:5 есебімен жеңіліс есептеледі. Мұндай матчтарды ауыстыруға және / немесе қайта ойнауға жол берілмейді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.