Ақтөбе – Арлан матчы өтпейді

15 aqpan
1054

ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі 15 ақпан күні Ақтөбеде өтуі тиіс болған №274 «Ақтөбе» - «Арлан» матчы өтпейтінін хабарлайды.

ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі 15 ақпан күні Ақтөбеде өтуі тиіс болған №274 «Ақтөбе» - «Арлан» матчы өтпейтінін хабарлайды.

Ауа райының нашарлауына және халықаралық қатынас тасжолдарының жабылуына байланысты «Арлан» командасы матчқа қатысу үшін Ақтөбеге жете алмады. Ойынды кейінірекке ауыстырудың мүмкін еместігіне байланысты кездесуді өткізбеу және «Арлан» ХК-ға 0:5 есебімен техникалық жеңіліс есептеу туралы шешім қабылданды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.