Турдың қаһарманы – Денис Михнин

25 jeltoqsan
1251

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы болып «Теміртаудың» шабуылшысы Денис Михнин танылды. Оның командасы екі ойында да 3:2 есеппен жеңіске жетіп, Петропавлдан 6 ұпаймен қайтты.

Осы жекпе-жектің аясында сары-қаралардың 82-ші нөмірлі ойыншысы 4 (1+3) ұпай жинады. Бірінші кездесуде қарсылас қақпасына бағытталған үш шабуылда да нәтижелі қимылдарымен көзге түсті. Оның үстіне, ол салған шайба үшінші кезеңнің басында есеп теңестірді. Екінші кездесуде Денис тағы бір нәтижелі шабуылға көпшілік құраммен атсалысты.

Негізгі уақыттағы екі жеңістің арқасында Роман Козловтың ойыншылары Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты.