Номад қарымта қайтарды, Теміртау Петропавлдан 6 ұпаймен қайтты. 23 желтоқсандағы матчтарға шолу

23 jeltoqsan
1252

«Номад» пен «Сарыарқа» жеңімпазды овертаймда ғана анықтады. «Арлан» екінші рет «Алтай Торпедоны» жеңіп кетті. «Теміртау» тұрақты чемпионатта «Құлагермен» төрт ойынның барлығында жеңіске жетті. «Горняк» пен «Снежные Барсы» буллиттер сериясына жетті. «Ақтөбе» «Алматыға» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті.

«Номад» пен «Сарыарқаның» арасындағы екінші матчта қарағандылық ұжым үшінші кезеңде екі шайба алда келе жатып, жеңісті уыстан шығарып алды. «Көшпенділер» ойынды овертаймға ауыстырып қана қоймай, қосымша бес минутта екі ұпай жинады.

"Номад" – "Сарыарка" 4:3 ОТ (0:1, 1:1, 2:1, 1:0)

0:1 – 08:57 – Никулин (Михайлов, Желнеровский)

1:1 – 20:40 – Пархоменко (Зубов, Ибрайбеков)

1:2 – 31:49 – Желнеровский (Сиксна, Никулин)

1:3 – 40:34 – Михайлов (Аноховский, Никулин)

2:3 – 51:23 – Рунов (Данияр Сн.)

3:3 – 56:18 – Муратов (Зубов, Ибрайбеков)

4:3 – 64:06 – Яковлев (Пелевин)

Қақпашылар:: Каратаев – Бояркин

«Арлан» «Алтай Торпедомен» кездесудің әрбір кезеңінде гол салып отырып, сенімді түрде жеңіске жетті. Дубль Сергей Демагинге тиесілі. Көкшетаулықтар ұзаққа созылған өз алаңындағы алты матчтың төртеуінде жеңіп отыр.

"Арлан" – "Алтай Торпедо" 4:1 (1:0, 2:1, 1:0)

1:0 – 07:27 – Сметанин

2:0 – 23:51 – Куваев (Казанцев, Черкасов) ГБ

3:0 – 33:22 – Демагин (Евграфов) ГМ

3:1 – 34:31 – Подшивалов (Андрейкив, Тихомиров)

4:1 – 43:37 – Демагин

Қақпашылар: Кожанов – Нурек

«Құлагер» тағы да «Теміртауға» тісін батыра алмады. Роман Козловтың ойыншылары матч бойы петропавлдықтарға соққы жасап, кезекті үш ұпайларын жинады. Алаң иелерін екі рет Евгений Королинский састырды. Түзде жинаған алты ұпайларының арқасында сары-қаралар чемпионат көшбасшыларының үштігіне оралды.

"Кулагер" – "Темиртау" 2:3 (1:0, 0:2, 1:1)

1:0 – 19:31 – Ахметов (Исмагилов, Грищенко)

1:1 – 33:04 – Королинский (Шульга)

1:2 – 38:51 – Лызин (Михнин, Кулиев) ГБ

1:3 – 48:10 – Королинский (Кулиев, Щекин)

2:3 – 53:41 – Попитич (Первухин, Хорошев)

Қақпашылар: Хозяшев – Селиверстов

«Горняк» пен «Снежные Барсы» жеңімпазды тек овертаймда анықтады. Жас елордалық ұжым 0:2 болып тұрған жерінен есе қайтарды, алайда бұл қоржынға бір ғана ұпай салуға көмектесті.

"Горняк" – "Снежные Барсы" 3:2 Б (1:0, 1:2, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 16:03 – Катков (Бархаткин, Щанкин)

2:0 – 20:11 – Козорез (Сошников, Горожанинов)

2:1 – 21:00 – Шайхмедденов (Омирбеков)

2:2 – 27:43 – Макеев (Шетле, Бойко)

3:2 – 65:00 – Юлбарисов ПБ

Қақпашылар: Нечвиенко – Павленко

Ақтөбеліктер «Алматыға» қарсы ойында екінші және үшінші кезеңдерде бір-бір нәтижелі шабуылдан жасап, екінші қайтара жеңіске жетті. Ал алматылықтар қарсы соққы бере алмады.

"Актобе" – "Алматы" 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 – 24:56 – Скворцов (Потайчук)

2:0 – 48:54 – Жилин (Егоров, Филонов)

Қақпашылар: Скрипченко – Грязнов