Горняк Хумоны жеңіп, плей-оффқа шықты, Ақтөбе негізгі уақыттағы 20-шы жеңісіне жетті

30 qańtar
1022

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасады.

«Құлагер» өз алаңында «Ақтөбеге» есе жіберіп, қиын жағдайға тап болды. Қонақтар бірінші кезеңде-ақ петропавлдық көрерменді үш рет күйіндірді және биылғы маусымдағы негізгі уақытта қол жеткізген 20-шы жеңісіне жетті. Алаң иелерінің қақпасына салынған дубльдің авторы – Герман Шапорев.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 2:4 (0:3, 0:0, 2:1)

0:1 - 12:37 - Юдин (Кучин)

0:2 - 13:38 - Шапорев (Петросян, Гайсин)

0:3 - 16:43 - Шапорев (Гайсин, Кучин) ГБ

0:4 - 40:59 - Гайсин (Шапорев, Петросян)

1:4 - 42:12 - Шульга (Калашников, Гарифулин)

2:4 - 46:11 - Своеволин (Святына, Хамматов)

Қақпашылар: Кадочников - Ершов

«Горняк» маусымда үшінші рет «Хумоны» жеңіп, алдағы плей-оффтың жетінші қатысушысы атанды. Рудныйлықтар «Құлагерді» жеткізбей кетті, оның үстіне Сергей Невструевтің командасы өзінің турнир кестесіндегі жағдайын әлі де жақсарта алады. Овертаймдағы жеңіс шайбасының авторы – «Горняктың» жаңа ойыншысы Валерий Гурин.

«Горняк» - «Хумо» 5:4 ОТ (2:1, 1:1, 1:2, 1:0)

0:1 - 02:24 - Кравченко (Гловацкий, Сорокин)

1:1 - 05:24 - Галимов (Куршук, Юлбарисов)

2:1 - 08:33 - Платонов (Воронин, Гурин) ГБ

3:1 - 35:57 - Ляпунов (Войтко)

3:2 - 37:47 - Гловацкий (Кравченко, Жилов)

3:3 - 41:39 - Болучевский (Чурюканов)

4:3 - 55:01 - Скатов (Юлбарисов)

4:4 - 59:21 - Синявский (Кравченко, Сорокин)

5:4 - 63:09 - Гурин

Қақпашылар: Нурек – Мейдер


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.