Сарыарқа Номадты жеңді, Теміртау Құлагерден басым түсті. 22 желтоқсандағы матчтарға шолу

22 jeltoqsan
1217

Ойын күнінің негізгі матчында «Сарыарқа» «Номадты» тізе бүктірді. «Арлан» «Алтай Торпедоға» жеңуге мұрша бермеді. «Теміртау» осы маусымда «Құлагерден» үшінші рет жеңілді. «Горняк» «Снежные Барсы» командасына қарсы матчта құрғақ жеңіске жетті. «Алматы» қатарынан үшінші матч жеңілді.

«Номад» кездесу бойы «Сарыарқадан» белсендірек болды, алайда қарағандылықтар ұтымды сәттерді мүлт жібермеді. Қонақтардың голкипері Никита Бояркин сенімді ойнап, қақпасына бағытталған 20 соққыға тойтарыс берді.

"Номад" – "Сарыарқа" 1:3 (0:0, 1:2, 0:1)

0:1 – 27:44 – Михайлов (Желнеровский, Рахманов)

1:1 – 31:45 – Ибрайбеков (Пархоменко, Зубов) ГБ

1:2 – 36:14 – Поддубный (Чапоров, Рахманов)

1:3 – 59:58 – Аноховский (Горбачев) ГМ ПВ

Қақпашылар: Крамарь – Бояркин

«Арлан» Өскеменнен келген қонақтардың қақпасына екінші кезеңде үш рет дөп соққы жасады. Кезекті дубль Дмитрий Шитиковтің қанжығасында.

"Арлан" – "Алтай Торпедо" 5:1 (1:1, 3:0, 2:0)

0:1 – 08:25 – Бабушкин (Богданов, Степанов)

1:1 – 09:46 – Шитиков (Боровиков, Бердников В.)

2:1 – 29:13 – Ермолаев (Ханьжин, Кулиев)

3:1 – 29:36 – Сметанин (Боровиков, Куваев)

4:1 – 36:41 – Шитиков (Ермолаев)

5:1 – 48:37 – Бердников Р. (Колесников, Бердников В.)

Қақпашылар: Штукерт – Нурек (Осокин, 50:17-60:00)

«Теміртаулықтар» маусымда үшінші рет «Құлагерді» жеңіп кетті. Роман Козловтың командасын үшінші кезеңдегі шабуылдар жетістікке жеткізді. Денис Михнин дубль жасады.

"Құлагер" – "Теміртау" 2:3 (1:1, 1:0, 0:2)

1:0 – 07:33 – Шерстюков (Хамматов, Гатин)

1:1 – 12:18 – Алламов (Михнин, Щёкин)

2:1 – 35:16 – Попитич (Хорошев, Первухин)

2:2 – 43:10 – Михнин (Лызин, Галыгин)

2:3 – 53:19 – Михнин (Лызин, Галыгин) ГБ

Қақпашылар: Янков – Селиверстов

«Горняк» «Снежные Барсы» командасына қарсы итжығыс ойында жеңіске жетті. Рудныйлықтардың голкипері Вячеслав Нечвиенко 22 соққыға тойтарыс беріп, құрғақ матчты өз есебіне жазды.

"Горняк" – "Снежные Барсы" 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 – 34:09 – Воронин (Бархаткин, Щанкин)

2:0 – 45:30 – Ахметвалиев (Кротов, Власов)

Қақпашылар: Нечвиенко – Амирбеков

«Ақтөбе» мен «Алматы» арасындағы матчтың шешуші сәттері екінші кезеңде орын алды. Алаң иелері үш нәтижелі шабуылды жасап, жеңіске сенімді түрде жетті. Ал оңтүстік астаналық ұжым ел батысында осымен үшінші ойын қатарынан жеңіліп отыр.

"Ақтөбе" – "Алматы" 5:1 (1:0, 3:0, 1:1)

1:0 – 09:32 – Шмурыгин (Образцов, Серегин)

2:0 – 22:51 – Тесленко (Шмурыгин) ГМ

3:0 – 28:45 – Серегин (Егоров, Амиров) ГБ

4:0 – 34:45 – Потайчук (Скворцов, Скатов)

4:1 – 46:34 – Бурделев (Ананьин, Бельгибаев) ГБ

5:1 – 51:02 – Скатов (Скворцов)

Қақпашылар: Мальгин – Грязнов