Қазақстан чемпионатының плей-оффы 20 ақпанда басталады

16 qańtar
783

2023/24 жылғы маусымдағы 1хBet Pro Hokei Ligasy плей-оффының матчтары өтетін күндер белгілі болды.

¼ финалдың алғашқы матчтары 20 ақпанға жоспарланды, бұл күні бірінші және сегізінші, сондай-ақ екінші және жетінші орындағы командалар ойнайды. 21 ақпан күні медаль үшін тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үшінші және алтыншы, сондай-ақ төртінші және бесінші командалар тартысады.

Жартылай финалдар 14 және 15 наурызда басталады. Маусымның шешуші сериясы 6 сәуірде басталады. Қажет болса финалдың жетінші кездесуі 24 сәуірге жоспарланды.

Плей-оффтың барлық сериялары командалардың бірінің төрт жеңісіне дейін өтеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.