Айдар Галимов – 1хBet Pro Hokei Ligasy-ның апта ойыншысы

15 qańtar
405

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның 19-шы ойын аптасын қорытындылайық.

Өткен аптада «Горняк» түзде екі матч ойнап, қарсыластың қақпасына 11 гол салды. Астанада рудныйлықтар «Номадқа» есе жіберді (3:7), алайда Галимов өз командасының барлық нәтижелі шабуылдарына қатысты. Ал оңтүстік астанада Сергей Невструевтің ойыншылары алматылық қарсыластарды ойсырата жеңді (8:2). Бұл ойында Айдар дубль жасап, екі нәтижелі пас берді. Жалпы алғанда, форвард өткен кезеңде +3 пайдалылық көрсеткішімен 7 (3+4) ұпай жинап, өз соққыларының 60 пайызын жүзеге асырды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.