Құрлықтық кубоктің қорытынды жекпе-жегінде «Номад» польшалық «Катовицемен» кездесті.
Кездесудің негізгі жайттары соңғы кезеңде орын алды: қазақстандықтар екі рет артық құрам ұйымдастырып, ойын барысын бұрып жібере алды. Максим Мусоров, Олег Бойко, Артур Гатиятов шайба салды. Турнирде дебют жасаған қақпашы Джелал-ад-Дин Амирбеков 25 соққыға тойтарыс беріп, бір нәтижелі пас берді.
Осылайша, «Номад» Құрлықтық кубок аясында бір де бір рет жеңіліске ұшырамай, беделді жүлдені лайықты түрде жеңіп алды.
«Номад» - «Катовице» 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)
0:1 – 35:14 – Кук (Ванаки, Хитосато)
1:1 – 37:25 – Мусоров (Гатиятов)
2:1 – 40:17 – Бойко (Борисевич, Александров) ГБ
3:1 – 53:02 – Гатиятов (Бутенко, Амирбеков) ГБ
Қақпашылар: Амирбеков – Килер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.