Номад – 2024 жылғы Құрлықтық кубок жеңімпазы

14 qańtar
1086

ҚК финалдық турнирінің екінші ойын күнінің қорытындысы бойынша оның жеңімпазы анықталды.

Негізгі уақытта «Кардифф» (5:2) пен «Хернинг Блю Фоксты» (7:2) жеңген «Номад» қорытынды тур алдында алты балл жинап отыр. Кешегі ойын күнінің кешкі матчында «Катовице» уэльстіктерге есе жіберді (2:3), енді «Номадты» жеңгеннің өзінде поляктар ұпай саны бойынша қазақстандықтарды қуып жете алмайды. «Кардифф» теория жүзінде ұпай саны бойынша «көшпенділермен» ұпай теңестіруі мүмкін, алайда ондай жағдайда астаналықтар үшін жекпе-жектегі жеңіс үстемдік болуы мүмкін.

Осылайша, «Номад» мерзімінен бұрын Құрлықтық кубоктің жеңімпазы атанды. Айтып өтетін жайт, қазақстандық команда мұндай нәтижеге екінші рет қол жеткізіп отыр. 2019 жылы ҚК финалында бірінші орынды көкшетаулық «Арлан» иеленген болатын.

Екі күннің қорытындысы бойынша Уэльстегі финалдың үздік бомбардирі – екі гол салып, нәтижелі пас берген Станислав Александров. Сенімділік коэффициенті 2 және соққылардың 92,59%-ына тойтарыс берген Никита Бояркин турнир қақпашылардың топ-2-сіне кірді.



ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.