Номад Құрлықтық кубок финалында екінші жеңісіне қол жеткізді

13 qańtar
348

«Көшпенділердің» Уэльстегі турнирдегі екінші қарсыласы даниялық «Хернинг Блю Фокс» ұжымы болды.

«Көшпенділердің» Уэльстегі турнирдегі екінші қарсыласы даниялық «Хернинг Блю Фокс» ұжымы болды.

Матчта бірінші кезең шешуші болып, қазақстандықтар қарсыластың қақпасына төрт шайба дарытты. Әрі қарай «көшпенділер» ойын барысын бақылауда ұстап, сенімді жеңіске жетті. Шайбалардың авторлары Александр Борисевич, Максим Мусоров, Дінмұхамед Қайыржан, Станислав Александров, Артур Гатиятов, Даниил Цыбин мен Олег Бойко болды.

Екі матчтан кейін «Номадтың» қоржынында алты ұпай бар және ол финалдық раундтың турнир кестесінде көш бастап тұр.

«Хернинг Блю Фокс» - «Номад» 2:7 (0:4, 1:2, 1:1)

0:1 – 02:11 – Борисевич (Рахманов, Бойко)

0:2 – 03:02 – Мусоров (Шульга, Гатиятов)

0:3 – 04:38 – Кайыржан (Бутенко, Макеев)

0:4 – 19:23 – Александров (Борисевич, Диханбек) ГБ

0:5 – 24:47 – Гатиятов (Мусоров)

0:6 – 29:46 – Цыбин (Гайтамиров, Гусейнов)

1:6 – 30:12 – Цибульскис (Суистио, Джериньш)

2:6 – 53:16 – Карлсен (Суистио, Эскилдсен) ГБ

2:7 – 54:56 – Бойко (Борисевич, Александров) ГБ

Қақпашылар: Андерсен – Бояркин 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.