ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншылары «Бейбарыстың» шабуылшылары Артём және Александр Ананичевтер болды. Ағайындылар «Алматыға» қарсы ойында өз командаларының жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосты (5:4 және 4:2).
Артём бірінші матчта хет-триктің авторы атанды, оған қоса ол салған шайбалардың бірі командаға жеңіс әкелді. Бұл кездесуде ол қарсы қақпаға алты соққы жіберді.
Александр осы ойын аясында 5 нәтижелі пас берді. Ол бірінші кездесуде бауырына үш рет гол беріп, екіншіде екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды.
«Бейбарыс» «Алматымен» өз алаңындағы ойындардың қорытындысы бойынша алты ұпай жинап, турнир кестесінің алтыншы қатарына жайғасты.