Қазақстан чемпионатындағы желтоқсанның қорытындысы

3 qańtar
465

1xBet Pro Hokei Ligasy-ндағы төртінші ойын айын қорытындылайық.

Чемпионаттың аралық көшбасшысы – «Арлан». Желтоқсан айында көкшетаулықтар он кездесудің сегізінде жеңіске жетті. Қазір «көкшеліктердің» есебінде Лигадағы ең нәтижелі ойынымен (161 шайба салынған) 69 ұпай бар.

40 матчтың 31-інде жеңіске жеткен «Хумо» «Арланды» өкшелеп қуып келе жатыр. Ташкенттік ұжымның қоржынында 64 балл бар. Үздіктер үштігін Құрлықтық кубоктің шешуші раундында ойнауға дайындалып жүрген елордалық «Номад» (55 ұпай) тұйықтады.

Кестеде жетінші және сегізінші орында тұрған «Сарыарқа» мен «Бейбарыс» үшін маусым ойдағыдай болмады.

«Құлагер» мен «Алматы» плей-оффқа жолдама үшін әлі де тартыса алады. Ал «Ертістің» маусымды ұзартуға ешбір мүмкіндігі жоқ. Қалған он матчымен сегіздіктен 31 балл артта қалып келеді.

Өткен айда ең ірі жеңіске «Арлан» жетті. 22 желтоқсан күні көкшетаулықтар өз алаңында «Ертісті» 9:0 есебімен ойсырата жеңді.

Желтоқсанның ең нәтижелі жекпе-жектері «Ертіс» «Сарыарқаны» жеңген (6:5) Павлодарда және «Номад» «Ертісті» жеңген (7:4) Астанада өтті.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.