Құлагер қарымта қайтарды, Рудныйдағы сойқан. 19 желтоқсандағы матчтарға шолу

19 jeltoqsan
1223

"Алтай Торпедо" елордадан алты ұпаймен қайтты. «Сарыарқа» «Горнякты» ойсырата жеңді. «Құлагер» «Торпедоны» ең төменгі ұпаймен тізе бүктірді. «Арлан» мен «Теміртауға» матчтың негізгі уақыты жетпей қалды. «Бейбарыс» «Алматыны» екінші рет жеңді.

«Құлагер» мен «Торпедоның» арасындағы қақтығыстың тағдырын үшінші кезеңде салынған жалғыз шайба шешті. Петропавлдықтарға жеңісті Фёдор Хорошевтің дөп салынған шайбасы сыйлады. Алайда кездесудің басты кейіпкері деп 64 соққыға тойтарыс берген қақпашы Андрей Янковты санау қажет.

"Құлагер" – "Торпедо" 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 43:28 – Хорошев (Попитич)

Қақпашылар: Янков – Шутов

«Сарыарқа» «Горнякпен» екінші кездесуде қорғанысты нығайтты және рудныйлықтарды өз қақпасына жуытпады. Иван Безруков дубль жасап, Жәкен Ибрагимов 25 соққыға тойтарыс берді.

"Горняк" – "Сарыарқа" 0:5 (0:2, 0:3, 0:0)

0:1 – 10:52 – Грымзин (Поддубный, Мисюль)

0:2 – 12:10 – Рахманов (Воронков)

0:3 – 28:20 – Безруков (Михайлов, Зеленков)

0:4 – 32:39 – Безруков (Зеленков, Беляев)

0:5 – 36:22 – Зеленков (Безруков, Беляев)

Қақпашылар: Акулинин – Ибрагимов

«Снежные Барсы» мен «Алтай Торпедоның» арасындағы екінші матч та өскемендік команданың пайдасына шешілді. Виктор Богатырёвтің ойыншылары өте маңызды жеңіске қол жеткізіп, плей-офф тобына оралды.

"Снежные Барсы" – "Алтай Торпедо" 1:2 (0:0, 1:2, 0:0)

0:1 – 25:52 – Андрейкив (Белохонов, Бабушкин) ГБ

0:2 – 30:10 – Белохонов (Каиров, Дзедаев) ГМ

1:2 – 31:34 – Кайыржан (Макеев, Двуреченский)

Қақпашылар: Амирбеков – Нурек В.

«Арлан» «Теміртаумен» ойында екі шайба алда келе жатып, жеңісті уыстан шығарып алды. Бұл ретте қонақтар үшінші кезеңнің соңғы секундында есе қайтарды. Нәтижесінде буллиттер сериясына жетіп, онда Роман Козловтың ойыншылары дөп түсті.

"Арлан" – "Теміртау" 3:4 Б (1:1, 2:1, 0:1, 0:0, 0:1)

1:0 – 16:15 – Демагин (Бердников Р.) ГМ

1:1 – 19:59 – Колесников (Гусейнов, Кулиев)

2:1 –24:09 – Черкасов (Бердников В., Колесников) ГБ

3:1 – 26:00 – Шитиков (Бердников В. Черкасов) ГБ

3:2 – 37:22 – Кулиев (Галыгин, Колесников) ГБ

3:3 – 59:59 – Щекин (Жилов, Демин)

3:4 – 65:00 – Михнин ПБ

Қақпашылар: Демидов – Селивёрстов

«Бейбарыс» «Алматымен» екінші матчта да жеңіске жетті. Артём Аргоковтың командасы әрбір кезеңде шайба салып, үш ұпай жинады. Осылайша турнир кестесінің алтыншы қатарына жайғасты.

"Бейбарыс" – "Алматы" 4:2 (1:1, 2:1, 1:0)

1:0 – 14:22 – Рыжих (Ананичев Ал., Курепанов)

1:1 – 15:25 – Ефимов (Клемешов, Ананьин)

1:2 – 22:32 – Наместников (Спиридонов)

2:2 – 23:51 – Петров (Васильев, Ананичев Ал.) ГБ

3:2 – 24:41 – Кожевников (Гевель, Рыжий)

4:2 – 49:46 – Гарифулин (Кожевников, Закарлюкин)

Қақпашылар: Иванов – Гичев