Торпедо тағы да бірінші орында, Алтай Торпедоның жеңісі. 18 желтоқсандағы матчтарға шолу

18 jeltoqsan
1312

«Торпедо» «Құлагерге» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. «Сарыарқа» «Горнякты» буллиттер сериясында жеңді. «Арлан» мен «Теміртау» он шайба салды. «Снежные Барсы» «Алтай Торпедомен» матчтың соңғы минутында жеңісті уыстан шығарып алды. «Бейбарыс» Алматының арынын басты.

«Торпедо» «Құлагермен» матчтың үшінші кезеңінде тамаша ойын көрсетіп, үш ұпай жинады. Осылайша, турнир кестесінің бірінші қатарына оралды. Кездесудің басты қаһарманы 33 соққыға тойтарыс берген өскемендік қақпашы Андрей Шутов болды.

"Құлагер" – "Торпедо" 0:4 (0:0, 0:1, 0:3)

0:1 – 35:06 – Шин (Савицкий)

0:2 – 50:54 – Архипов (Лихотников, Мерескин) ГБ

0:3 – 52:24 – Тымченко (Юксеев, Левицкий)

0:4 – 53:52 – Лихотников (Юксеев, Мерескин)

Қақпашылар: Хозяшев – Шутов

«Горняк» «Сарыарқамен» кездесуде екі шайба артта келе жатқан жерінен есе қайтарды. Алайда жеңіс дегенмен қарағандылық ұжымға бұйырды. Александр Соколовтың ойыншылары буллиттер сериясында дөп түсті.

"Горняк" – "Сарыарқа" 2:3 (0:2, 2:0 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 09:27 – Горбачев (Михайлов, Желнеровский)

0:2 – 18:21 – Беляев (Воронков)

1:2 – 20:30 – Коптяев (Москалев, Штефан)

2:2 – 32:26 – Штефан (Коптяев)

2:3 – 65:00 – Михайлов ПБ

Қақпашылар: Нечвиенко – Бояркин

«Арлан» «Теміртаумен» кездесуді сенімді бастады, алайда ары қарай сары-қаралар қатарынан бес шайба салып, ойын барысын түбегейлі өзгертті. Жеңімпаздар құрамынан Руслан Демин дубль жасады. «Арланнан» тәжірибелі Дмитрий Шитиков көзге түсті.

"Арлан" – "Теміртау" 4:6 (2:1, 1:5, 1:0)

1:0 – 04:10 – Куваев (Черкасов, Гуляков) ГБ

2:0 – 05:43 – Шитиков (Бердников, Иванов)

2:1 – 13:16 – Демин (Пальмтаг, Михнин) ГБ

2:2 – 22:57 – Штайгер (Чайка) ГБ

2:3 – 24:15 – Шохов (Михнин, Петрунин)

2:4 – 32:40 – Михнин ГБ

2:5 – 33:45 – Демин (Москалев, Шульга)

3:5 – 36:56 – Куликов (Ермолаев)

3:6 – 39:59 – Чайка ГМ

4:6 – 57:25 – Шитиков (Демагин, Колесников)

Қақпашылар: Андрюхов – Еремеев

«Снежные Барсы» «Алтай Торпедоға» қарсы ойында үш шайба алда келе жатып, жеңісті уыстан жіберіп алды. Оның үстіне өскемендіктер екі шайбаны үшінші кезеңнің соңғы минутында ұйымдастырды. Нәтижесінде, Виктор Богатырёвтің командасы овертаймда жеңіске жетті.

"Снежные Барсы" – "Алтай Торпедо" 4:5 ОТ (1:1, 3:1, 0:2, 0:1)

0:1 – 09:59 – Тютюньков (Худяков, Михайлов)

1:1 – 19:52 – Макеев (Бутенко, Бойко) ГБ

2:1 – 25:30 – Бойко

3:1 – 29:17 – Морожников (Шайхмедденов, Ищенко)

4:1 – 31:05 – Шайхмедденов (Омирбеков) ГБ

4:2 – 36:47 – Белохонов (Каиров)

4:3 – 59:04 – Худяков (Колобов, Обрядин)

4:4 – 59:53 – Колобов (Михайлов, Обрядин)

4:5 – 62:02 – Белохонов

Қақпашылар: Калмыков – Нурек (Осокин, 29:17 -62:02)

«Бейбарыс» бірінші кезеңде екпінді ойын көрсетіп, «Алматыны» жеңіп кетті. Оңтүстік астаналық команда есе қайтаруға жақын еді. Алайда шешуші сәттерде атыраулықтардың қорғанысы мықты ойнады. Бұл ойында алаң иелерінің шабуылшысы Артём Ананичев хет-трик жасап, көзге түсті.

"Бейбарыс" – "Алматы" 5:4 (4:1, 1:2, 0:1)

1:0 – 05:27 – Боровков (Савенков, Дыньков)

1:1 – 07:16 – Качулин (Наместников, Ипатов)

2:1 – 08:01 – Курепанов (Старцев)

3:1 – 13:16 – Ананичев Ар. (Бакика, Ананичев Ал.)

4:1 – 16:56 – Ананичев Ар. (Ананичев Ал., Бакика)

4:2 – 21:11 – Клемешов (Бурделев)

5:2 – 34:05 – Ананичев Ар. (Ананичев Ал., Дыньков) ГБ

5:3 – 37:50 – Баженов (Волков, Борисов)

5:4 – 44:30 – Ипатов (Наместников, Спиридонов)

Қақпашылар: Иванов – Гичев