Турдың қаһарманы – Никита Бояркин

18 jeltoqsan
1352

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен кезеңнің үздік ойыншысы болып «Сарыарқаның» қақпашысы Никита Бояркин танылды. Көбіне көп соның арқасында қарағандылық ұжым ойын кезеңінің маңызды матчтарында «Торпедоны» екі рет жеңді (3:0 және 1:0).

Екі кездесудің қорытындысы бойынша өскемендіктер Бояркиннің қақпасына шайба жуыта алмай қойды. Никита 69 соққыға тойтарыс беріп, өз командасына чемпионаттың үздік үштігіне оралуға көмектесті.