Петропавл мен Алматыдағы овертаймдар, Арлан Ақтөбеге жол берді, Хумо бірінші орынға шықты

3 jeltoqsan
1198

Жексенбіге хоккейден қазақстан чемпионатында төрт матч жоспарланған.

«Номад» оңтүстік астанадағы алғашқы матчта жеңілістен финалдық ысқырыққа бір секунд қалғанда құтылды. Алайда овертаймда алаң иелері дегенмен нәтижеге қол жеткізді. Дубль жасаған Сергей Твердохлебов жеңіс соққысының авторы атанды. Елордалық ұжым қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырап отыр. «Алматы» ойын күнінің қорытындысы бойынша плей-офф аймағынан алшақтығын біршама азайтты.

«Алматы» - «Номад» 5:4 ОТ (2:1, 2:2, 0:1, 1:0)

1:0 - 12:16 - Твердохлебов (Кожевников, Бурделёв)

1:1 - 13:54 - Колесников (Шульга, Шайхмедденов)

2:1 - 19:27 - Бурделёв (Кожевников)

2:2 - 30:26 - Александров (Гатиятов, Пелевин) ГБ

2:3 - 31:46 - Пелевин (Недилько, Колобов) ГБ

3:3 - 36:16 - Монахов (Кожевников)

4:3 - 36:53 - Петросян (Дерзаев, Монахов)

4:4 - 59:59 - Шульга (Шайхмедденов, Колесников)

5:4 - 61:14 - Твердохлебов (Казаманов)

Қақпашылар: Нефедов - Бояркин (Амирбеков, 36:53-59:15, 60:00-61:14)

«Ақтөбе» Көкшетауда «Арланның» бес матчтық жеңіс сериясын үзді. Шешуші шайбаның авторы – Иван Кучин, Стас Петросян мен Герман Шапорев 1+1 балдан иемденді. Қонақтардың қақпашысы Матвей Ершовтың есебінде 38 сейв бар.

«Арлан» - «Ақтөбе» 2:3 (1:2, 0:1, 1:0)

0:1 - 01:40 - Петросян (Шапорев, Гайсин)

0:2 - 11:14 - Шапорев (Хорошев, Петросян) ГБ

1:2 - 15:25 - Оксентюк (Сиксна, Гренц) ГБ

1:3 - 39:41 - Кучин

2:3 - 48:24 - Свинтальский (Чапоров)

Қақпашылар: Ахметов - Ершов

«Құлагер» мен «Бейбарысқа» матчтың негізгі уақыты жеңімпазды анықтау үшін жеткіліксіз болды. Негізгі уақытта командалар Александр Воробьёв пен Евгений Лызиннің орындауындағы голдармен алмасты. Овертаймда атыраулықтарға жеңісті клубтың жаңа ойыншысы Владимир Гребенщиков сыйлады.

«Құлагер» - «Бейбарыс» 1:2 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 03:52 - Воробьев (Александров)

1:1 - 32:58 - Лызин (Потапов, Калашников)

1:2 - 61:13 - Гребенщиков ГБ

Қақпашылар: Кадочников – Смирягин

«Горняк» Ташкенттегі алғашқы матчта «Хумоға» соққыны боратты, алайда жойқын қарсыласты жеңу рудныйлықтардың қолынан келмеді. Жавохир Расулов дубль жасады, жеңіс шайбасы Василий Жиловтың еншісінде. Осы жетістігінің арқасында өзбекстандық ұжым турнир кестесінің бірінші қатарына оралды.

«Хумо» - «Горняк» 5:3 (1:1, 2:1, 2:1)

1:0 - 06:46 - Чеботарев (Синявский)

1:1 - 16:49 - Кротов (Скатов, Юлбарисов) ГБ

1:2 - 29:26 - Шишов

2:2 - 31:22 - Расулов (Дорофеев, Гловацкий)

3:2 - 34:02 - Расулов (Зайцев, Дорофеев)

4:2 - 42:33 - Жилов (Шиков)

4:3 - 47:49 - Селютин (Марқабаев)

5:3 - 48:04 - Синявский (Кравченко, Гловацкий)

Қақпашылар: Мейдер - Тихонов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.