Қазақстан чемпионатындағы қарашаның қорытындысы

1 jeltoqsan
1111

1xBet Pro Hokei Ligasy-ндағы үшінші ойын айын қорытындылайық.

Қыстың алғашқы айында Қазақстан чемпионатының көшбасшысы «Арлан» болды. Қарашада көкшетаулықтар 12 матчтың 9-ында жеңіске жетіп, енді есептерінде 53 балл бар. Бұл ретте Дмитрий Катаевтың ойыншылары лиганың ең нәтижелі ұжымы (118 гол) және қорғаныстағы ойын бойынша ең сенімді командасы (41 шайба өткізілді) атанды.

Қазақстан кубогінің қазіргі иегері «Хумо» сәл екпінін азайтып, енді 52 балмен екінші қатарға табан тіреді. Бұл ретте ташкенттіктер «Арланға» қарағанда екі ойынды артық ойнады. Үздіктер үштігін елордалық «Номад» тұйықтайды (40 ұпай).

Қарашада 12 кездесудің 5-еуінде ғана жеңіске жеткен «Бейбарыстың» сегізінші орны таңғаларлықтай көрінді. Бұл ретте атыраулықтар мұздан екі рет шайба салмастан кетті.

Плей-офф аймағынан әзірге «Алматы», «Құлагер» және «Ертіс» тыс қалып отыр. Павлодарлықтар биылғы чемпионатта небәрі үш рет жеңіске жетті және кубоктік сегіздіктен 26 ұпай артта қалып отыр. Математикалық тұрғыдан бұл алшақтықты азайтуға болатындай көрінеді, алайда іс жүзінде оңай емес.

Қарашада ең ірі жеңіске 30-ы күні Петропавлда «Құлагерді» 8:1 есебімен ойсырата жеңіген «Ақтөбе» қол жеткізді.

Айдың ең нәтижелі жекпе-жегі де «Ақтөбенің» қатысуымен өтті. Батысқазақстандықтар 13 қарашада буллиттер сериясында «Горнякты» жеңіп кетті (7:6).

«Арландық» Дмитрий Гренц (14+21) Вадим Кравченконы (20+15) биылғы чемпионаттағы ұпай саны бойынша қуып жетті. Алайда гол санының көптігіне байланысты Лиганың үздік бомбардирлер тізімінде «Хумо» өкілі көш бастап тұр.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.