Горняк Алматыдан қарымта қайтарды, Ақтөбе Құлагерді ойсырата жеңіп, жетінші орынға шықты

30 qarasha
617

1xBet Pro Hokei Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы ойынын жалғастыруда.

«Горняк» «Алматымен» екінші матчта жеңісті уыстан шығарып ала жаздады. Рудныйлықтар ойын барысында екі рет екі шайбамен алда келе жатты, алайда алаң иелері негізгі уақыттағы жеңілістен құтылып кетті. Десе де екі балл қонақтардың есебіне кетті. Жеңіс шайбасының авторы – Дмитрий Васильев, Даниил Войтко дубль жасады.

«Алматы» - «Горняк» 5:6 ОТ (1:1, 3:4, 1:0, 0:1)

1:0 - 13:09 - Баев (Мартынов, Штефан)

1:1 - 15:21 - Галимов (Щёкин, Скатов)

1:2 - 22:17 - Захаров (Воронин, Садиков)

1:3 - 26:12 - Гурьев (Лазарев, Воронин) ГБ

2:3 - 28:21 - Бурделёв (Кожевников, Твердохлебов)

2:4 - 29:38 - Войтко (Ляпунов, Щёкин)

3:4 - 31:58 - Мартынов (Милушкин) ГБ

3:5 - 37:38 - Войтко (Воронин, Буб)

4:5 - 38:33 - Гафаров (Петрасюк)

5:5 - 58:53 - Твердохлебов (Штефан) ГБ

5:6 - 61:42 - Васильев (Шишов, Захаров)

Қақпашылар: Колесников - Нурек

«Сарыарқа» «Ертісті» сенімді түрде жеңді. Павлодарлықтар есеп қарсыластың пайдасына 0:4 есебімен шешілгенде ғана абырой шайбасын ұйымдастыра алды. Қонақтардың үш нәтижелі шабуылына Евгений Григоренко (1+2) атсалысты. Қарағандылықтардың қақпашысы Денис Каратаевтың есебінде 28 сейв бар.

«Ертіс» - «Сарыарқа» 1:4 (0:2, 0:1, 1:1)

0:1 - 01:33 - Фазлеев (Сайко, Зайцев)

0:2 - 10:21 - Баженов (Цветков, Григоренко)

0:3 - 33:12 - Григоренко (Зайцев) ГБ

0:4 - 47:00 - Кузьменко (Жульдиков, Григоренко)

1:4 - 51:43 - Шетле (Тарасенко, Кураков) ГБ

Қақпашылар: Нечвиенко – Каратаев

«Ақтөбе» Петропавлда «Құлагерді» ойсырата жеңді. Ильгиз Нуриевтің командасы матчтың алғашқы минутын жақсы өткізді, алайда әрі қарай алаң иелері бақылауды жоғалтты. Қарсыласты екі реттен Фёдор Хорошев, Дмитрий Исмагилов, Евгений Попитич пен Герман Шапорев күйіндірді. Осы жетістігінен кейін қонақтар чемпионаттағы жетінші орынға шықты.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 1:8 (0:1, 0:5, 1:2)

0:1 - 17:47 - Хорошев (Беляев, Попитич)

0:2 - 28:34 - Исмагилов (Митряков, Хорошев) ГБ

0:3 - 29:15 - Шапорев (Петросян, Кучин) ГБ

0:4 - 30:25 - Исмагилов (Хорошев) ГБ

0:5 - 36:21 - Хорошев (Исмагилов, Попитич)

0:6 - 38:30 - Шапорев (Петросян, Арбузов) ГБ

0:7 - 40:30 - Попитич (Беляев, Исмагилов) ГБ

1:7 - 40:48 - Тарлецкий ГМ

1:8 - 54:49 - Попитич (Исмагилов, Хорошев) ГБ

Қақпашылар: Селивёрстов (Осипов, 30:25-38:30) - Микушин (Костюков, 52:58-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.