«Алматы» «Теміртауды» ойсырата жеңді. «Горняк» «Ақтөбеден» қарымта қайтарды. «Сарыарқа» «Торпедоға» қарсы ойында тағы да құрғақ жеңіске жетті.
«Теміртау» мен «Алматы» арасындағы екінші кездесуде тағы да оңтүстік астаналық ұжым басым түсті. Нұрсұлтан Белгібаев пен Владимир Волков дубль жасады. Осы жеңілістен кейін Роман Козловтың командасы көшбасшы үштіктегі орнынан айрылып қалды.
"Теміртау" – "Алматы" 2:6 (0:2, 0:2, 2:2)
0:1 - 10:52 - Бельгибаев (Бурделев, Ананьин)
0:2 - 18:30 - Волков (Буяльский, Баженов)
0:3 - 21:48 - Волков (Буяльский)
0:4 - 39:26 - Бельгибаев (Бурделев, Спиридонов)
1:4 - 48:07 - Кулиев (Колесников, Щёкин)
2:4 - 51:33 - Жорабек (Демин) ГМ
2:5 - 51:58 - Спиридонов (Наместников) ГБ
2:6 - 59:08 - Буяльский (Борисов, Бельгибаев) ПВ
Қақпашылар: Селивёрстов (Еремеев, 21:48 - 60:00) – Полуэктов
"Горняк" «Ақтөбеден» қарымта қайтарды. Үшінші кезеңде командалар итжығыс түсіп, рудныйлықтар дөп түсті. Сергей Невструевтің командасы кубокқа таласатын сегіздікке оралды.
"Горняк" – "Ақтөбе" 5:2 (1:0, 1:0, 3:2)
1:0 – 05:29 – Демьянов (Щанкин, Садиков) ГБ
2:0 – 21:16 – Воронин (Бархаткин, Садиков) ГБ
3:0 – 44:48 – Бархаткин (Воронин, Щанкин)
3:1 – 50:46 – Тесленко (Амиров) ГБ
4:1 – 51:49 – Кумов (Юлбарисов, Садиков)
5:1 – 54:52 – Юлбарисов (Харькин, Муравьёв) ГБ
5:2 – 58:39 – Васильев (Джангарашев, Беляев)
Қақпашылар: Нечвиенко – Мальгин (Тихонов 44:48 - 60:00)
«Торпедолықтар» екі матч бойы «Сарыарқаның» қақпасын «ала алмай» қойды. Екінші кездесу де ең төменгі есеппен қарағандылықтардың жеңісімен аяқталды. Қақпашы Никита Бояркин 31 соққыға тойтарыс беріп, өз есебіне қатарынан екінші «құрғақ» жеңісті жазды.
"Сарыарқа" - "Торпедо" 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)
1:0 - 54:49 - Михайлов (Никулин, Желнеровский)
Қақпашылар: Бояркин - Шутов