Құрлықтық кубоктің Е тобындағы екінші матчында «Номад» турнир иелері – «Гренобльмен» кездесті.
Матчта есепті тоғызыншы минутта артық құрам ұйымдастырған Руслан Оспанов ашты. Қуантарлығы, бұл алаң иелерінің аймағында шайба тасталғаннан кейін небәрі үш секунд өтісімен жүзеге асырылды. «Номад» өз үстемдігін екінші жиырма минуттықтың басында нығайтты – Эдуард Шетле Диас Гусейнов берген тамаша пасты жетер жеріне жеткізді. Кейін белгілі болғандай, бұл гол матчтағы соңғы болып, әрі қарай тартыс қақпашылардың арасында жүрді. Нәтижесінде Никита Бояркин қақпаға бағытталған 52 соққыға тойтарыс берді және өз командасына турнирде екінші рет жеңіске жетуге көмектесті.
Топтың басқа матчында «Кардифф» «Земгалені» сенімді түрде жеңді (5:2). Қорытынды тур алдында «көшпенділер» алты балмен төрттіктің көшін бастады.
«Гренобль» - «Номад» 0:2 (0:1, 0:1, 0:0)
0:1 – 08:41 – Оспанов (Шульга, Мусоров) ГБ
0:2 – 25:38 – Шетле (Гусейнов, Александров)
Қақпашылар: Гарнье – Бояркин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.