ҚК. Гренобль – Номад (LIVE)

18 qarasha
503

Бүгін түнде елордалық «Номад» француздық Гренобльде Құрлықтық кубоктің үшінші раунды аясындағы екінші матчын өткізеді.

Фёдор Полищуктің ойыншыларына қарсы турнир иелері – «Гренобль» ойнайды. Кеше «көшпенділер» нәтижелі жекпе-жекте «Кардифф Девилзді» жеңді (5:4). Кешкі сессияда «Гренобль» латвиялық «Земгалеге» жол берді(1:3).

Руслан Оспанов (1+1) Е тобының үздік бомбардиршілерінің төрттігіне кіреді. Никита Бояркин – тойтарылған соққылар саны (41) мен пайызы (93,18) бойынша қақпашылар арасында екінші орында.

Кездесу Астана уақытымен 01:15-те басталады.

Ойынның негізгі жайттарын  сілтеме бойынша қолжетімді мәтіндік трансляциядан көруге болады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.