Номадтың ҚК-дегі қарсыластары. Гренобль

16 qarasha
544

ҚХФ баспасөз қызметі «Номадтың» Құрлықтық кубоктің үшінші раунды аясындағы қарсыластары туралы баяндауын тәмамдайды. Бүгін біз турнир иелері – «Гренобль» туралы әңгімелейміз.

«Гренобль» «Магнус Лига» деген атауға ие Франция чемпионатында өнер көрсетеді. 2018 жылдан бері, ковид маусымдарын санамағанда, команда ұлттық біріншіліктің финалына ұдайы шығып, екі рет алтын медаль жеңіп алды. Өткен маусымда финляндиялық Юрка Ахоның ойыншылары шешуші серияда «Руанға» есе жіберді. Биылғы чемпионатта «Гренобль» 16 матчтың 11-інде жеңіске жетіп, турнир кестесінде үшінші қатарға жайғасты.

Ойыншылары туралы жекелей айтатын болсақ, бірінші кезекте тәжірибелі Якуб Штепанекті айтып өту қажет. Чех қақпашысын қазақстандық жанкүйер Құрлықтық хоккей лигасындағы питерлік СКА, прагалық «Лев», череповецтік «Северсталь» және братиславиялық «Слован» сапындағы ойындарынан тануы тиіс. Өткен маусымда Роман Старченкомен бірге мәскеулік «Спартак» үшін ойнаған ресейлік шабуылшы Роман Любимовпен қарашаның басында келісімшарт жасалуы да назар аударарлық жайт.

Жергілікті ойыншылардан Франция құрамасының капитаны Саша Трей көзге түседі. 36 жаста екеніне қарамастан, шабуылшы қарқынын бәсеңдетпей, қазіргі таңда команданың үшінші бомбардирі атанып отыр (5+10). «Гренобльдің» және «Магнус Лиганың» ең нәтижелі шабуылшысы – канадалық форвард Александр Лавуа (8+17). 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.