Алматы түзде Теміртауды жеңді, Торпедо Қарағандыда жеңілді. 14 желтоқсандағы матчтарға шолу

14 jeltoqsan
1319

«Теміртау» мен «Алматы» арасындағы алғашқы матч оңтүстік астаналық команданың пайдасына шешілді. «Горняк» пен «Ақтөбе» жеңімпазды буллиттер сериясында ғана анықтады. «Сарыарқа» «Торпедоға» қарсы құрғақ ойында жеңіске жетті.

Павел Думаның командасы «теміртаулықтардың» қақпасына 46 соққы жіберді, олардың үшеуі нәтижелі болды. Әйтсе де, осының өзі жеңіске жету үшін жеткілікті еді. Роман Козловтың шәкірттері маусымда алғаш рет қатарынан үш рет жеңілді, алайда турнир кестесіндегі үшінші орнын сақтап қалды.

"Теміртау" – "Алматы" 1:3 (0:0, 1:2, 0:1)

0:1 – 25:11 – Ипатов (Качулин, Писарев) ГБ

1:1 – 29:01 – Шульга (Кулиев, Колесников) ГБ

1:2 – 31:25 – Бурделёв (Бельгибаев)

1:3 – 54:59 – Бельгибаев (Бурделёв, Щукин) ГБ

Қақпашылар: Еремеев – Полуэктов

«Горняк» «Ақтөбемен» кездесуде екі шайба алда келе жатып, мүмкіндікті уыстан шығарып алды. Қонақтар үшінші кезеңнің ортасында есепті теңестірді. Нәтижесінде жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды.

"Горняк" – "Ақтөбе" 2:3 Б (0:0, 2:1, 0:1, 0:0, 0:1)

1:0 – 24:14 – Горожанинов (Штефан, Москалёв) ГБ

2:0 – 25:13 – Ахметвалиев

2:1 – 28:12 – Потайчук (Кевлин, Скатов)

2:2 – 51:00 – Скатов (Зубковский)

2:3 – 65:00 – Амиров ПБ

Қақпашылар: Акулинин – Мальгин

Ойын күнінің басты кездесуінде «Сарыарқа» «Торпедоға» қарсы құрғақ ойында жеңіске жетті. Қарағандылықтардың қақпашысы Никита Бояркин 38 соққыға тойтарыс берді. Айта кететін жайт, Олег Болякиннің ойыншылары маусымда алғаш рет мұз айдынынан шайбасыз кетті.

"Сарыарқа" – "Торпедо" 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)

1:0 – 25:52 – Анохин (Аноховский, Голоднюк)

2:0 – 57:44 – Беляев ГМ

3:0 – 59:53 – Лазарев ПВ

Қақпашылар: Бояркин – Сидоров