Никита Бояркин – 1хBet Pro Hokei Ligasy-ның апта ойыншысы

13 qarasha
617

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның оныншы ойын аптасын қорытындылайық.

Кезеңнің ойыншысы Никита Бояркин болды. «Номад» қақпашысы өткен аптада өзі мұзға шыққан үш матчтың үшеуін де жеңіп, өз командасының жеңіс шеруін бес кездесуге дейін ұзартуға көмектесті. Орта есеппен Бояркин соққылардың 96,15%-ына тойтарыс беріп, әрбір ойында 0,97 шайба өткізді. Бұл ретте Никита 185 минут ойнады (аптаның үздік нәтижесін Андрей Янковпен бөлісті) және бір рет қақпасына шайба жуытпады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.