Бейбарыс Өскеменнен алты ұпаймен қайтты. 13 желтоқсандағы матчтарға шолу

13 jeltoqsan
1127

«Алтай Торпедо» мен «Бейбарыстың» арасындағы екінші кездесу де атыраулық ұжымның пайдасына шешілді.

Екінші кездесуде өскемендіктер «Бейбарысқа» біршама соққылар жасады, алайда олар «Алтай Торпедоны» жеңіске жеткізе алмады. Атыраулықтар қатарынан төртінші матчта жеңіске жетіп, турнир кестесінде алтыншы орынға тұрақтады. Ал Виктор Богатырёвтің командасы бес ойын қатарынан жеңістің дәмін тата алмай келеді.

"Алтай Торпедо" – "Бейбарыс" 2:3 (1:2, 1:1, 0:0)

0:1 – 01:02 – Петров (Боровков)

1:1 – 05:23 – Белохонов (Тихомиров, Михайлов)

1:2 – 10:40 – Воробьев (Ишмаметьев, Старцев) ГБ

2:2 – 20:42 – Хоменко (Скуматов)

2:3 – 29:34 – Боровков (Ишмаметьев, Бакика)

Қақпашылар: Нурек – Иванов (Базарбеков, 10:40 - 60:00)