Маусымға бет алдық. «Ақтөбе»

17 qyrkúıek
1489

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның алдағы маусымының қатысушыларымен таныстыруды жалғастырады. Бүгін елордалық «Барыстың» фарм-клубы – «Номад» жайлы сөз қозғамақпыз. Бір жылдық үзілістен кейін «көшпенділер» Қазақстан чемпионатына қайта оралды.

Өткен маусым

2019-20 жылдардағы маусымда «Номад» алғаш рет Жоғары хоккей лигасында бағын сынап көрді. Өкінішке орай, команда ЖХЛ-ға бірінші рет қатысқан жылы плей-оффқа шыға алмады. Елордалық ұжым өз конференциясында бар болғаны 14-ші орынды иеленіп, маусымды мерзімнен бұрын тәмамдады. Алайда маусым барысында «көшпенділер» әлсін-әлсін лайықты матчтар өткізіп, ЖХЛ-дың фавориттері мен грандтарын жеңіп кетіп отырды.

Александр Высоцкий «Номадтың» қазіргі құрамының көптеген ойыншыларымен жақсы таныс

Бас бапкер

Юрий Михайлис «Барысқа» кеткеннен кейін «Номадтың» бас бапкері ретінде Александр Высоцкий тағайындалды. Ол клуб жүйесінде 2013 жылдан бері жұмыс жасап келеді және көптеген ойыншылармен, оның ішінде «Снежные Барсы» командасындағы жұмысы барысында жақсы таныс.

Ауысулар

Команда өткен маусымның үздік бомбардирі Талғат Жайлауовпен, сонымен қатар үздік сұр мерген Валентин Разумнякпен қош айтысты. Алайда ұжымның негізгі құрылымы толықтай дерлік сақталды. Мобильді шабуылшылар Захар Пархоменко мен Иван Клепко бапкерлер штабының шабуылдаушы схемаларын жақсартуы тиіс.

Мадияр Ибрайбеков команда капитаны болып қалды

Көшбасшы

«Номад» командасында бірнеше жыл бойы айқын көшбасшы байқалмайды және бірқалыпты ойыншылар құрамына ие. Сондықтан нәтижелілік тұрғысынан ойыншылардың кез келгені команданың көшбасшысына айнала алады. Мұнда бірінші команданың өкшесін басып келе жатқан жас хоккейшілер жаңа деңгейге шығулары тиіс. Ал алаңнан тыс атмосфераға көп жылдан бері капитан болып келе жатқан Мадияр Ибрайбеков жауап береді.

Не күтеміз

ЖХЛ-ға кетпес бұрын «Номад» үш маусым бойы ұлттық біріншіліктің финалына мүлтіксіз шығып отырды, бір рет алтын медальді жеңіп алды. Команда әрдайым ең жоғары нәтижені көздейді, алайда мұндағы басты мәселе – ұжым жаңа тәлімгердің талаптарына қаншалықты жылдам бейімделе алады. Егер бұл процесс ұзаққа созылмаса, «Номад» бірінші турлардан-ақ ең жоғары орындар үшін таласа алады.