Дамир Шаймарданов – 1хBet Pro Hokei Ligasy-ның апта ойыншысы

31 qazan
678

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның сегізінші ойын аптасын қорытындылайық.

Аталмыш кезең ойыншысы Дамир Шаймарданов болды. Өткен аптада қақпашы «Хумоға» батысқазақстандық қарсыластарға қарсы үйде өткен төрт матчта жеңіске жетуге көмектесті. Дамир әрбір матчта орта есеппен 1,75 шайбадан өткізді, ал соққылардың 93,75%-ына тойтарыс берді. Бір рет Шаймарданов өз қақпасына шайба жуытпады. Дәл қазір ташкенттік ұжымның голкипері чемпионат қақпашылары тізімінде барлық көрсеткіштер бойынша көш бастап тұр.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.