Астанада 1xBet маркетингтік семинары өтті

23 qazan
1086

Өткен аптада Астанада QAZAQSTAN HOKEI LIGALARY клубтарына арналған маркетинг бойынша 1xBet семинары өтті.

Өткен аптада Астанада QAZAQSTAN HOKEI LIGALARY клубтарына арналған маркетинг бойынша 1xBet семинары өтті. Спикерлер ретінде маркетинг саласындағы жетекші сарапшылар: ресейлік футбол және хоккей клубтарының экс-топ-менеджері Константин Клюшев, хоккейден Ресей құрамасының дикторы Александр Сулаев, сондай-ақ «Ак Барс» хоккей клубының SMM-бөлімінің басшысы Дамир Гайсин сөз сөйледі.

Қазақстанның хоккей федерациясы бұл бағытта бірінші жыл жұмыс жасап келе жатқан жоқ. 2022-2023 жылғы маусымда демеушілік тақырыбы бойынша клубтарға арналған онлайн оқу өткізілді, онда демеушілік платформа құру мәселелері қарастырылып, демеушілік мүмкіндіктердің құны есептелді.

2023 жылдың сәуірінде Федерация Қазақстан чемпионатын қорытындылап, клубтардың маркетингтік бағыттағы жұмысына баға берді. Айрықша ерекшеленген командалар сегіз аталымда марапат алды.

Биылғы маусымда Федерацияның жаңа серіктесі – 1xBet компаниясының арқасында семинарды ұйымдастыру спикерлердің географиясы, бағдарламаның мазмұны тұрғысынан да жаңа деңгейге шықты.

- Бірінші кезекте ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Аталмыш бастама Қазақстандағы хоккей мен спорт индустриясының әрі қарайғы дамуы аясында өте-мөте қажет, - дейді Константин Клюшев. – Өзара тілдесетін платформа болып, аудиторияның сұранысына жауап беріп, жаңа жанкүйерді тарту үшін үздік шешімдер табу аса маңызды. Конференция аясында алынған білімдер барлығымыздың қажетімізге жарайды деп сенемін. Баршаңызды семинар нәтижесінде жүзеге асқан идеяларыңызбен және жобаларыңызбен қайта көруге асықпын.

ҚХФ бас демеуші – 1xBET компаниясымен лигаларды дамыту мен хоккейді насихаттауға бағытталған оқыту семинарлар мен арнайы іс-шаралар өткізу ісін жалғастырады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.