Турдың қаһарманы – Саян Данияр

12 jeltoqsan
1449

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы деп «Номадтың» шабуылшысы Саян Данияр танылды. Ол өткен кезеңнің негізгі жекпе-жегінде өз командасының жеңісіне елеулі үлес қосты.

«Теміртауға» қарсы бірінші матчта форвард дубль жасады, бұл ретте шайбаны бос қақпаға салды. Дәл осы сәт ойын барысында екі шайба артта қалып келе жатқан «көшпенділердің» тағдырын шешті.
Екінші ойында овертаймдағы жеңіс сыйлаған шайбаны Данияр салды. Сәл-пәл түсініксіз жағдайда салынғанымен бұл голдың бағасын кемітпейді.
Өз алаңындағы «Теміртауға» қарсы ойынның қорытындысы бойынша «Номад» бес ұпай жинап, бұл командаға турнир кестесінің көш басына шығуға мүмкіндік берді.