Валерий Садиков – 1хBet Pro Hokei Ligasy-ның апта ойыншысы

14 qazan
880

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның алтыншы ойын аптасын қорытындылайық.

Апта ойыншысы болып Валерий Садиков танылды. Қорғаушы «Горнякқа» «Алматыға» қарсы үйдегі матчтарда маңызды екі жеңіске жетуге көмектесті. Осылайша, өзінің бомбардирлер есебін 5 (1+4) балға толтырды. Бірінші ойында ол кем құраммен шайба салып, Захар Захаровтың жеңіс голында нәтижелі пас берді. Екінші жекпе-жекте Садиковтың ассистенттігінің арқасында рудныйлықтар финалдық ысқырыққа 64 секунд қалғанда есеп теңестірді. Табысты кезеңнен кейін «Горняк» плей-офф аймағында бекіді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.