Дёмин, Нурек пен Катков жеңімпаз атанды. Жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы

9 qazan
1176

Жанкүйерлер Қазақстан чемпионатының үшінші ойын аптасының үздік голының авторын, ең тиімді күштік әдіс пен үздік сейв жасаған қақпашысын анықтаған онлайн дауыс беру аяқталды.

Аптаның үздік голын «сарыарқалық» Руслан Дёмин салды.

Аптаның үздік сейвін де өз есебіне «Горняк» қақпашысы Владислав Нурек жазды.

Жанкүйерлердің пікірінше, үздік күштік әдісті «Горняк» өкілі Александр Катков жасады.

Барлық видеоларды Youtube-тегі Insport арнасынан табуға болады.

Үздік сәттер үшін кезекті дауыс беру ертең, 10 қазан күні ашылады! Жаңалықтарымызды оқи жүріңіздер!


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.