«Барыстың» баспасөз қызметі өз командаларының бапкерлер штабындағы өзгерістер туралы жария етті.
«Барыстың» бас бапкері қызметінен белорустық маман Андрей Скабелка кетті. «Барыстың» бас бапкері міндетін атқарушы болып клуб жүйесінде 2009 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Ғалым Мәмбетәлиев тағайындалды. 2023 жылы маман елдің студенттер құрамасын Дүниежүзілік қысқа Универсиадасының қола медальдарына жеткізді, «Номадпен» бірге Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, сонымен қатар Республиканың ұлттық құрамасын элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.
«Номадтың» бас бапкерлігіне Фёдор Полищук келді. Оның бапкерлер штабына Георгий Верещагин (бапкер) мен Кирилл Легчаков (ЖДД бойынша бапкер) кірді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.