Қыркүйек айының күздік ойыншылары

2 qazan
1075

1хBet Pro Hokei Ligasy-ндағы алғашқы айды қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Дамир Шаймарданов («Хумо»)

Дамир маусым басының ең үлкен жаңалығы болды. Алдымен ол өзін Қазақстан Кубогінде тамаша көрсетті, ал енді өз шеберлігін чемпионатта да дәлелдеп келеді. Қыркүйекте Шаймарданов мұзға 10 рет шығып, барлығында жеңіске жетті және 7 рет қақпасына шайба жуытпады. Осы уақыт ішінде ол небәрі 3 шайба өткізіп (сенімділік коэффициенті таңғажайып 0,3), соққылардың 98,4%-ына тойтарыс берді. Дамир сонымен қатар қақпашылар арасында ойын уақыты бойынша Лига көшбасшысы болып табылады (605:18). Шаймардановты чемпионаттың сөзсіз көшбасшысы – «Хумоның» бойтұмары деп атауға болады.

Үздік қорғаушы – Владимир Гребенщиков («Торпедо»)

Тәжірибелі қорғаныс ойыншысы өзі үшін жаңа сынға төтеп беріп, алғашқы матчтан-ақ айтарлықтай өзгеріп, енді ең биік орындардан үмітті «Торпедо» көшбасшыларының бірі атанды. 10 ойында Гребенщиков +5 пайдалылық көрсеткішімен 9 (2+7) балл жинады. Бір апта ішінде қорғаушы қарсыластың қақпасына 13 соққы жасап, қарсыласқа 5 рет тұсау салды. Бүгінгі таңда Владимир Александр Шинмен (1+8) бірге өскемендік ұжымның ең нәтижелі ойыншылары саналады.

Үздік шабуылшы – Вадим Кравченко («Хумо»)

Шабуылшы әр ойын сайын 1,8 балл жинап, таңғажайып нәтиже көрсетіп жүр. Қыркүйекте Кравченко 10 матчтың 8-інде нәтижелі іс-қимыл көрсетті. Осы уақыт ішінде ол 12 шайба салып (оның ішіндет 1 хет-трик пен төрт дубль бар), +13 пайдалылық көрсеткішімен 6 рет пас берді. Бұл ретте Вадим өз соққыларын тамаша дәлдікпен жүзеге асырады (28.6%). Қазіргі таңда «Хумо» форварды Қазақстан чемпионатының бомбардирлер жорығында көш бастап келеді.

Үздік жас ойыншы – Руслан Оспанов («Номад»)

Оспановты да маусымның жаңалығы деп атауға болады. Солтүстік Америкадан «Барыс» жүйесіне оралғаннан кейін форвард «Номад» көшбасшыларының бірі атанды. Қазіргі ел чемпионы бастапқы турда сәл-пәл сүрінді, алайда әрі қарай қатарынан сегіз рет жеңіске жетті. Олардың алтауына Руслан тікелей қатысып, ұпай жинады. Жалпы алғанда, ол +7 пайдалылық көрсеткішімен өз есебіне 13 (5+8) балл қосты. Жас ойыншы дәрежесіне қарамастан, Оспанов чемпионаттың үздік бомбардирлері тізімінде екінші орынды иеленеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.