Алматы Ертісті ойсырата жеңді, Твердохлебовмаусымдағы екінші хет-тригін жасады, Хумо мен Торпедо жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады

23 qyrkúıek
838

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасты.

«Алматы» өз алаңында «Ертісті» ойсырата жеңді. Бірінші кезеңде-ақ павлодарлықтардың қақпасына төрт шайба аттанды. Әрі қарай оңтүстікастаналық ұжымның үстемдігі арта берді. Биылғы чемпионаттағы екінші хет-тригін «Алматы» форварды Сергей Твердохлебов жасады. Қақпашы Филипп Колесников қақпаға бағытталған 42 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Ертіс» 7:1 (4:0, 1:0, 2:1)

1:0 - 03:26 - Твердохлебов (Бурделёв, Машинец) ГБ

2:0 - 04:52 - Потырка (Басимов, Айдуков)

3:0 - 05:56 - Твердохлебов (Машинец, Бурделёв) ГБ

4:0 - 14:27 - Милушкин (Казаманов, Дерзаев) ГБ

5:0 - 39:56 - Баев (Милушкин, Дерзаев) ГБ

5:1 - 43:53 - Асуханов (Расулов, Власкин)

6:1 - 44:42 - Твердохлебов

7:1 - 55:56 - Кожевников ШБ

Қақпашылар: Колесников - Нечвиенко (Акулинин, 05:56-60:00)

«Хумо» мен «Торпедо» арасындағы алғашқы жекпе-жектің басты қаһармандары қақпашылар болды. Қонақтардың голкипері Андрей Янков 31 сейв жасады, алайда бұл өскемендіктерге бір ғана балл сыйлады. Ташкенттіктер Илья Назаревичтің дөп соққысы мен Дамир Шаймардановтың кезекті құрғақ матчының арқасында буллиттер сериясында жеңіске жетті. Евгений Попихиннің командасы бұрынғыша жеңіліс көрмей келеді. Екінші қатарда келе жатқан «Торпедодан» төрт ұпай алда.

«Хумо» - «Торпедо» 1:0 Б (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 65:00 – Назаревич ПБ

Қақпашылар: Шаймарданов - Янков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.