Номад тағы да бірінші орынға шықты, Сарыарқаның ірі жеңісі. 10 желтоқсандағы матчтарға шолу

10 jeltoqsan
1179

«Номад» овертаймда «Теміртаудан» басым түсті. «Сарыарқа» «Ақтөбені» ойсырата жеңді.

«Номад» пен «Теміртау» арасындағы матчтың негізгі уақыты итжығыспен аяқталды. Овертаймда салынған шайба «көшпенділерді» қатарынан жетінші жеңісіне жеткізді. Осылайша Александр Высоцкийдің командасы турнир кестесінде бірінші қатарға шықты.

"Номад" – "Теміртау" 2:1 ОТ (1:0, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 09:53 - Пелевин (Муратов, Зубов)

1:1 - 36:55 - Колесников (Галыгин, Михнин) ГБ

2:1 - 62:05 - Данияр Сн. (Ибрайбеков, Гренц)

Қақпашылар: Крамарь – Еремеев

«Сарыарқа» бірінші матчта «Ақтөбені» ойсырата жеңіп, жойқын соққылар жасады. Ал Батыс Қазақстаннан келген қонақтар 26 соққыға тойтарыс берген Никита Бояркиннің қақпасына шайба жуыта алмады. Дубльді Сергей Голоднюк жасады.

"Сарыарқа" – "Ақтөбе" 6:0 (2:0, 3:0, 1:0)

1:0 – 03:17 – Голоднюк (Аноховский)

2:0 – 16:31 – Никулин (Сиксна, Михайлов)

3:0 – 21:29 – Голоднюк (Нургалиев)

4:0 – 30:10 – Аноховский (Грымзин, Анохин)

5:0 – 37:49 – Горбачев (Сиксна, Никулин)

6:0 – 49:31 – Желнеровский (Кожевников, Горбачев)

Қақпашылар: Бояркин – Мальгин (Тихонов, 21:29-60:00)