Номад Алматыны қабылдайды, Құлагер мен Горняк маусымды Петропавлда бастайды

11 qyrkúıek
935

Қазақстан чемпионатының осы аптадағы ең қызықты текетірестеріне тоқталайық.

«Номад» «Алматымен» кездесуде үнсіздікті бұзып, гол салуға тырысады. Бір қызығы, оңтүстікастаналық ұжым Қарағандыда екі матч барысында сегіз шайба өткізді. Алайда бұл Андрей Спиридоновтың ойыншыларына үш балл жинауға кедергі келтірмеді.

«Хумо» өзінің қазақстандық сапарын Қарағандыда жалғастырады. Ташкенттіктер маусымның басында әзірге бір де бір шайба өткізбеді. «Сарыарқа» Лиганың ең нәтижелі командаларының бірі саналады.

Медаль жолындағы жорығын «Құлагер» мен «Горняк» Петропавлда бастайды. «Бейбарыс» өзінің түздегі сериясын Павлодарда жалғастырады. «Торпедо» өз алаңында тағы бір батыстық ұжым – «Ақтөбені» қарсы алады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.