Апта ойыншысы – Вадим Кравченко, Сергей Твердохлебов пен Стас Петросян – хет-трик авторлары

11 qyrkúıek
1591

1xBet Pro Hokey Ligasy-ның алғашқы ойын аптасын қорытындылайық.

Өткен кезеңнің ойыншысы ретінде Вадим Кравченко танылды. «Хумо» форварды өз командасына Астанада кәнігі қарсылас «Номадқа» қарсы ойында екі рет жеңіске жетуге көмектесті. Ташкенттіктердің жетінші нөмірлі ойыншысы осы текетірестегі үш голдың үшеуін де салып, өз соққыларының 50 пайызын жүзеге асырды. «Хумо» өзі жиған төрт балының арқасында бірінші ойын аптасының қорытындысы бойынша кестенің төбесіне шықты.

Сергей Твердохлебов пен Стас Петросянның жеке жетістіктерін атап өтпеуге болмайды. «Алматы» мен «Торпедоның» шабуылшылары маусымның алғашқы матчтарында-ақ хет-трик жасап, Кравченкомен бірге чемпионат сұрмергендерінің көшін бастады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.