Өткен маусымның финалистері жаңа 1xBet Pro Hokei Ligasy чемпионатын ашады

8 qyrkúıek
1905

Ертең ерлер командалары арасындағы хоккейден кезекті Қазақстан чемпионаты басталады. Ағымдағы аптаның ең қызықты кездесулерімен танысуды ұсынамыз.

Жаңа маусымның 9 қыркүйектегі ашылу-матчында «Номад» пен «Хумо» айқасады. Тұрақты чемпионат басталғанша ташкенттік ұжым ҚР Кубогінің иегері атанып үлгерді. Ал елдің қазіргі чемпионы құрамын біршама жаңартып, қазір өзіндік қалыптасу кезеңінде жүрген сияқты.

Дәл осы күні Қарағандыда өз құрамдарын айтарлықтай жаңартқан «Сарыарқа» мен «Алматы» кездеседі.

10 қыркүйекте жақында өткен Қазақстан кубогінің жартылай финалистері «Ақтөбе» мен «Торпедо» чемпионаттағы өнерін бастайды. Батысқазақстандық ұжым Павлодарда жергілікті «Ертіспен» кездеседі. Өскемендіктер өз алаңында «Бейбарысты» қабылдайды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.