Арлан плей-офф тобында, Номадтың жігерлі жеңісі. 9 желтоқсандағы матчтарға шолу

9 jeltoqsan
1321

«Арлан» «Горняктың» арынын басып, кубокқа таласатын сегіздік құрамына оралды. «Номад» «Теміртаумен» матчта үлкен ерік-жігер танытты. «Бейбарыс» «Алматымен» матчтың екінші кезеңінде төрт шайба салып, жеңіске қиналмастан жетті.

«Горняк» «Арланмен» екінші кездесуде ерлік жасауға жақын қалды. Рудныйлықтар үшінші кезеңнің басында қарсыластан үш шайба артта келе жатқан, алайда Владислав Власов жасаған дубльдің арқасында есеп айырмашылығын мейлінше азайта білді. Дегенмен көкшетаулықтар жеңісті уыстан шығармады. Өз алаңындағы ойындар сәтті басталып, «Арлан» плей-офф тобына оралды.

"Арлан" – "Горняк" 4:3 (2:0, 1:1, 1:2)

1:0 – 05:37 – Шитиков (Бердников В., Боровиков)

2:0 – 12:34 – Колесников (Черкасов, Киселев)

2:1 – 27:34 – Куршук (Садиков, Бархаткин) ГБ

3:1 – 37:05 – Бердников В. (Гуляков, Демагин)

4:1 – 41:08 – Куваев (Лакиза, Гуляков)

4:2 – 44:53 – Власов (Ахметвалиев, Кротов)

4:3 – 54:43 – Власов (Ахметвалиев, Харькин)

Қақпашылар: Андрюхов – Нечвиенко

«Теміртау» «Номадпен» бірінші матчты өте ширақ бастады. Роман Козловтың командасы екі минуттан астам уақыт ішінде екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Алайда ары қарай алаң иелері ойын барысын бақылауға алып, негізгі уақытта жеңіске жетті. Дубль Саян Даниярдың қоржынында.

"Номад" – "Теміртау" 5:3 (1:2, 3:1, 1:0)

0:1 - 00:57 - Королинский (Штайгер, Кошелев)

0:2 - 02:17 - Жорабек (Жилов)

1:2 - 18:36 - Асетов (Гренц, Ибрайбеков) ГБ

2:2 - 24:35 - Зубов (Ибрайбеков) ГБ

3:2 - 26:29 - Данияр Сн. (Рунов, Гатиятов)

3:3 - 33:27 - Михнин (Кулиев, Шохов)

4:3 - 34:41 - Пархоменко (Зубов)

5:3 – 59:53 - Данияр Сн. ПВ

Қақпашылар: Крамарь (Каратаев, 02:17–60:00) – Еремеев

«Бейбарыс» «Алматымен» екінші матчта барлық мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланды. Атыраулықтар үш рет көпшілік құраммен ойнап, кездесудің барысын бақылауда ұстады. «Алматы» бұл жеңілістен кейін чемпионаттың үздік командаларының сегіздігіндегі орнынан айрылып қалды.

"Алматы" - "Бейбарыс" 1:6 (1:0, 0:4, 0:2)

1:0 – 06:06 – Ананьин (Щукин, Бурделёв)

1:1 – 26:50 – Курепанов (Воробьев, Старцев) ГБ

1:2 – 28:49 – Закарлюкин (Кожевников, Степаненко) ГБ

1:3 – 37:49 – Воробьев (Курепанов, Иванов)

1:4 – 38:43 – Гарифулин (Гевель, Закарлюкин)

1:5 – 42:15 – Ананичев Ал.

1:6 – 46:53 – Дыньков (Болякин, Боровков) ГБ

Қақпашылар: Гичев – Иванов