Оксентюктің хет-тригі Арланға Ақтөбені ойсырата жеңуге көмектесті

30 tamyz
841

1xBet Qazaqstan Kubogi-нің екінші жартылай финалы біріншісіне қарағанда әлдеқайда нәтижелі болды.

Көкшетаулықтар өз жанкүйерлерін қуантты: әрбір кезеңде екі шайбадан салып, нәтижелі ойын көрсетті. Кездесудің қаһарманы деп хет-трик жасаған «Арланның» форварды Евгений Оксентюкті атауға болады. Алаң иелерінің қақпашысы Тимур Мейдер қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді.

Осылайша, 2023 жылғы ҚР Кубогі үшін жекпе-жекте «Хумо» мен «Арлан» тартысады. Кездесу 31 тамызда Көкшетауда өтеді. Басталуы 19:00-де.

«Арлан» - «Ақтөбе» 6:1 (2:1, 2:0, 2:0)

1:0 - 05:22 - Лихотников (Сиксна, Гренц) ГБ

1:1 - 12:51 - Язьков (Зубковский, Акишин)

2:1 - 13:09 - Оксентюк (Сиксна, Пархоменко)

3:1 - 31:52 - Оксентюк (Боровиков, Карабань)

4:1 - 39:20 - Оксентюк (Лихотников, Пархоменко) ГБ

5:1 - 45:41 - Преснов (Буйван, Волков)

6:1 - 57:58 - Чапоров (Соколов, Павленко)

Қақпашылар: Мейдер - Микушин (Костюков, 51:11 - 60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.