Қазақстан кубогі. 5-күн

26 tamyz
737

Қазақстан кубогіндегі ойын уикэндінің басы төрт матчты қамтыды.

Елордада турнир кестесі тұрғысынан аса маңызды матчта «Алматы» мен «Торпедо» жолығады (басталуы 12:30-да). Командалардың есебінде төрт балдан бар және олар Кубоктің финалдық бөлігіне шығу үшін тартысты жалғастыруда.

16:00-де «Барыс-Аренаның» «Б» блогының мұзайдынына «Құлагер» мен «Бейбарыс» шығады. Қос ұжымның қазіргі ұпай санына көңілі толуы екіталай. Жекпе-жек – ұпай санын арттырудың тамаша мүмкіндігі.

«Ертіс» турнир балын «В» тобының фавориттерінің бірі «Арланмен» текетіресте жинауға тырысады. Көкшетаудағы кездесу 19:00-де басталады.

Турнирде жеңілуді білмейтін «Ақтөбе» Астанада қазіргі ел чемпионы «Номадпен» ойнайды (19:30).

«Көшпенділермен» кездесуде жеңіске жеткен жағдайда батысқазақстандық ұжымның ҚР Кубогінің шешуші кезеңіне шығу мүмкіндігі молаяды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.