Қазақстан кубогі. 2-күн

23 tamyz
1278

Бүгін Қазақстан кубогі үшін тартысқа В тобының командалары кіріседі.

Өткен маусының финалисі «Хумо» паввлодарлық «Ертісті» сынға алмақ (14:00-де басталады). Евгений Попихиннің командасы Гроднодағы турнирден үшінші орынмен оралды. «Ертіс» 2022 жылғы ҚР Кубогіндегі өзінің сенсациялы ойынын қайталауға тырысады: онда павлодарлықтар «Номад» және «Бейбарыспен» бір топта болып, турнирдің финалдық кезеңіне өткен болатын.

«Арлан» мен «Горняк» 19:00-де Кубок аясындағы жорығын жалғастырады. Өткен жылы командалар топта тістесіп, кейін жартылай финалда кездескен болатын. Ол жолы көкшетаулық ұжым басым түсті.

«А» тобының бағдарламасын батыстық дерби ашады (басталуы 12:30-да). «Ақтөбе» турнирдегі алғашқы матчын жеңді, ал атыраулықтар әзірге бір ғана балл жинады.

«Торпедо» мен «Кулагер» кешегі кездесулерінде қарсыластарына есе жіберді. Елордада 16:00-де басталатын жекпе-жектің маңыздылығын сөзбен айтып жеткізуге келмейді.

Кешкі сессияда мұзға топтың аралық көшбасшылары «Номад» пен «Алматы» шығады (басталуы 19:30-да). Андрей Спиридоновтың ойыншылары әзірге Кубоктің ең нәтижелі командасы болып отыр. «Көшпенділер» болса әзірге бір де бір шайба өткізген жоқ.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.